Бас тақырыпЖаңалықтар

Мереке күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалай жұмыс істейді?

Тәуелсіздік мерекесінде еліміз бойынша ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың  қалай жұмыс істейтіні  белгілі болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: ашық дереккөз

«Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлағандай, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі күні демалады.

– Тәуелсіздік мерекесіне орай мемлекеттік корпорациялар сенбі, яғни 16 желтоқсанда жұмыс істемейді. Дүйсенбі, 18 желтоқсанда, сағат 13.00-ге дейін тек кезекші қызмет көрсету орталықтары мен арнайы қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қабылдайды, – делінген хабарламада.

Сейсенбі, яғни 19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация әдеттегідей жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайтынын еске салды.

Кезекшілік қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button