АймақТеміртау

Мереке қарсаңында бірқатар теміртаулықтар да марапатталды

Теміртау қаласында Республика күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар қала тұрғыны марапатталды. Қала әкімі Ораз Тәуірбеков спортшы, зейнеткер Айтжан Исаков пен меценат, кәсіпкер Асқар Сәрсекеновке «Теміртау қаласының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.

Суреттер әлеуметтік желідегі видеодан алынды

Сонымен қатар, Баян Мамитова, Светлана Заярная, Екатерина Дыньковаға әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.

– Республика күнінің қайта оралуы ұрпақтар сабақтастығының, қазіргі заманның аса маңызды оқиғаларына құрмет көрсетудің және халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысының белгісі. Теміртау республикамыздың дамуына елеулі үлес қосуда. Біз елдің ірі өнеркәсіптік қалаларының біріміз. Сондай-ақ, Теміртау-ұлтаралық келісімнің үлгісі. Қалада 93 ұлт, 12 діни конфессия және 10 этномәдени конфессия бейбіт өмір сүреді. Бізде 48 спорт түрі, оның ішінде 26 олимпиадалық спорт түрі, олимпиадалық бағдарламаға енгізілмеген 22 спорт түрі, 3 ұлттық спорт түрі және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт түрлері дамуда. Бүгін біз көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығының символы болып табылатын бұл мерекені қуана қарсы аламыз, – деді Ораз Тәуірбеков.

Одан бөлек, Деспина Касапиди, Ширвана Әбішова, Дәулетгүл Есімбек, Махабат Жүнісова, Екатерина Құдайбергенова, Қайсар Қамбарова, Гәкку Қожахметова, Елена Саленко, Максим Хохлов, Талғатбек Төлеубаевтың да еңбегі еленіп, қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды. Теміртаулықтар үшін қалалық мәдениет үйінде шығармашылық ұжымдар, Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі, опера дивасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Баспақова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлбану Серікова, сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Медеу Арынбаев (Алматы қ.) өнер көрсетті.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button