АймақБас тақырыпОсакаров

Мереке қарсаңында баспаналы болды

Осакаров ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында тұрғын үй кезегінде тұрған 18 жан баспаналы болды. Бұл жолы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 жетім балаға, 3 бірдей көп балалы отбасыға және әлеуметтік осал топтарға жататын 10 адамға пәтер кілті табысталды.

Сурет: inbusiness.kz сайтынан

Жалпы деректерге сүйенсек, Осакаров ауданында тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрған азаматтардың тізімінде – 996 адам бар. Оның 626-сы – жетім балалар. Ал, 176-сы – әлеуметтік осал топтағылар. Одан бөлек, 136 бюджеттік ұйымдардың қызметкері, 49 көпбалалы отбасылар да бар. 9 отбасы қауіпті деп танылған үйлердің тізімінде тұрғандар.

Сонымен қатар, биылғы жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан кезекте тұрғандарға баспана кілті табысталады деп күтілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button