Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытындағы талдау жұмыстары басталды
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен телекоммуникация, пошта байланысы және жасанды интеллект, инновация, электронды өнеркәсіп және сандық активтер бағытын талдау мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелерімен, атап айтқанда облыстың ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, индустриялық инновациялық даму басқармаларының, «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының, «Қазпошта» Акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының, «Терриконовая долина» IT-хабының мамандарымен жоспарланған жұмыс барысын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Айта кету керек, Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында талдау жүргізудің объектісі болып а.ж. ақпан-наурыз аралығында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласын талдау айқындалған.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаменті