Мемлекеттің мүддесі үшін

     Жемқорлық еліміздің қауіпсіздігіне, мемлекеттің пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін жүйелі қауіп, ол өз алдына ұлттық экономикаға кері әсер етіп, экономикалық дамуды тежейді және мемлекеттің әлемдік имиджіне кері әсер тигізеді.

     Қазіргі экономикалық ғылымда экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени факторларды атай отырып, жемқорлықтың пайда болуының көптеген себептерін көрсетеді.

     Жемқорлықтың экономикалық себептерінің пайда болуының-ең бастысы, мемлекеттік қызметкерлердің төменгі жалақысы, сонымен бірге олардың фирмалар мен азаматтардың қызметтеріне әсер ете алатын жоғары уәкілеттіліктері.

    Жемқорлықтың институционалдық себептері болып мемлекеттік ведомостволар жұмысының жоғары деңгейде жабықтығы, есептіліктің ауқымды жүйелігі, заңдылық шығармашылық жүйесінде ашықтылықтың жоқтығы саналады.

    Жемқорлықтың әлеуметтік-мәдени себептеріне қоғамның азуы, азаматтардың жеткілікті түрде ақпараттанбауы мен дұрыс ұйымдастырылмауы, «жоғарыдағылардың билігіне» қоғамдық пассивтілік жатады.

    Жемқорлыққа қарсы күрек саясаты- мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, келесідегідей міндеттерді шешуге бағытталған, яғни, жемқорлықпен күресті ұйымдастыру, жемқорлық тууға жағдай жасайтын шарттар мен жағдайларды азайту, жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтаудың тиімділігін арттыру мен ол үшін жазалау, жемқорлықтың барлық көріністеріне қоғамның жат көруі атмосферасын туғызу жүйелерінен тұрады. Жемқорлыққа қарсы күрес саясаты жалғаспалы және нысаналы сипатта болады.

    Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы өзінің жүйесін құрды, оның кепілдігі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мықты саяси ерлігі болып табылады. Бес жыл сайын Елбасымыздың жарлығымен жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарлама қабылданып отырады.

   Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билік органдарының құзыретін тиімді жүзеге асырумен тікелей байланысты, маңызды конституциялық-құқықтық институт. Мемлекеттік қызметтің институты экономика, әлеуметтік сала, мәдениет, білім беру және халықаралық қатынастар сияқты қоғамдық қатынастардың негізгі саласында мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылады.

    Мемлекеттік қызметте жемқорлыққа қарсы саясаттың шегінде мемлекеттік қызметкерлерді конкурстық іріктеу процедураларының ашықтығын және әділдігін қамтамасыз ететін, олардың мәртебесімен байланысты шектеулерді сақтайтын бірнеше шаралар қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанда №153 Жарлығымен мемлекеттік қызметкерлердің қызметін нормативтік және құқықтық реттеуді қарастыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп Кодексі бекітілді.

    Жемқорлықпен күрестегі мәселелері Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында көтеріледі, онда құқық қорғау жүйесінің қызметінің тиімділігін арттыру саласында азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттің мүддесі үшін жемқорлықпен күресудің негізгі басымдылықтары көрсетілген.

    Бұл бағдарламаның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру үшін Октябрь аудандық қазынашылық басқармасының ұжымы өз үлесін қосып келеді.

Г.Тулебаева,

Октябрь аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.