АймақБұқар жырау

«Мемлекет қолдауын сезіндік»

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында аймақ жастары жағымды жаңалығымен бөлісті. Атап айтсақ, Бұқар жырау ауданында бөдене өсіретін құс фермасы мен ірімшік өндірісі іске қосылды. Екі кәсіпорын да «Бастау Бизнес» бағдарламасы негізінде, мемлекеттік грант аясында ашылып отыр.

Сурет sports.kz

34 жастағы Доскей кентінің тұрғыны Данияр Татығұлов – көпбалалы отбасының отағасы. Кәсіп ашқан азамат «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша білім алды.

– «2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы» шеңберінде мемлекеттік грант алдым. Елімізде жастарды мемлекеттік тұрғыда қолдаудың түрлі шаралары қабылданған. Грант арқылы мемлекеттің қолдауын сезіндік, – Данияр Татығұлов.

Кәсіпкер екі мың жұмыртқаға арналған инкубатор, вакуумдық тығыздағыш, ет ыстайтын пеш және мұздатқыш сатып алды. Қазіргі таңда бөдене өсірумен айналысуда.

Сондай-ақ, Үштөбе ауылындағы үш баланың анасы Әсемгүл Елубаева ірімшік өндірісін ашты.

– Биыл 183 грант беруге 270 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдарға – көпбалалы отбасылардың мүшелеріне, мүгедектерге, мүгедек балалардың ата-аналарына, АӘК алушыларға бөлінді. Мемлекеттік қаражатқа олар тігін кәсіпорнын, кондитерлік цех, жартылай фабрикаттар өндірісін, қызмет көрсету және білім беру саласындағы стартаптарды іске қосты, – деп хабарлады облыстың еңбек ұтқырлығы орталығының баспасөз қызметі.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button