Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды.
Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
aqorda.kz