Жаңалықтар

Мемқызметшіні қосымша жұмысқа жеккендерге айыппұл салынады – агенттік

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Ашық дереккөз

Ведомство басшысы мемлекеттік қызметшілер тарапынан шамадан тыс үстеме жұмыс бойынша шағым жиі түсетінін мәлім етті.

Ал агенттік төрағасының орынбасары Айнұр Серғазиеваның айтуынша, қазір қызметшілерге арналған цифрлық куәліктер әзірленген. Ол арқылы жұмыскердің қай уақытта офиске келгенін және қашан қызмет орнынан шыққанын білуге болады. Тиісінше бұл ақпараттар орталықтандырылған Кіруді бақылау және басқару жүйесіне (КББЖ) түседі.

«Біз барлығын КББЖ арқылы бақылайтын боламыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, біздің қызметкерлер бірінші басшыға хабарлама жібереді. Мұндай жағдай бірінші рет болса, ескерту жасаймыз. Ал қайталанса, онда әкімшілік жауапқа тарту, яғни айыппұл салу шаралары қарастырылуда», – деп тоқталды Дархан Жазықбаев Парламент Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде.

Еске салайық, бұған дейін Еңбек кодексіне бірқатар өзгеріс енгізу жоспарланып отырғанын хабарлап едік. Атап айтқанда, жұмыс беруші қызметкерді мейрам күндері жұмысқа шығару үшін келісімін алуы керек. Сәйкесінше, жұмысшылар Еңбек кодексіне енгізілген осы өзгерісті алға тартып, кестеден тыс жұмыстан бас тарта алады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button