Жаңалықтар

Мектепте ақша жинау фактісі үшін 10 АЕК айыппұл салынуы мүмкін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде түрлі себеппен қаражат жинау мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: azh.kz

– Мектептерде қажетсіз шараларға ақша жинауға шектеу қою туралы біздің министрліктің бұйрығы шыққан. Жеке өзім мектеп директоры болып істегенімде осы үрдісті тоқтатқанмын, одан еш проблема көрген жоқпын. Ата-аналар ренжіп, қаржы жинағысы келді, шектеу қойған соң мектеп ұжымы да, ата-аналар да көндікті, – деді министр Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда.

Оның айтуынша, қазір де бұйрыққа бағынбау фактілері анықталып жатыр. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесіп, тиісті шара қабылдауды бастады.

– Бұл бағытта ең алдымен кез келген азамат ақша жинау фактісі туралы колл-орталыққа хабарлай алады. Әзірге 20 мектептен осындай шағым түсіп үлгерді. Екіншіден, бұйрыққа бағынбай, бұрынғы «дәстүрді» жалғастырған мектеп басшылығына агенттік тарапынан шара қолданылады. Яғни, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылып отыр, – деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button