БілімБілім ошақтарында

Мектепке Потанин есімі берілді

Биыл Қарағанды облысында бірнеше мектепке жаңа атау берілді. Сол мектептер қатарында Қарағанды қаласы №63 жалпы білім беретін мектебі де бар. Мектеп тарихы тым тереңде. Десе де, білім ордасы жарты ғасырдан астам уақытта бірінші рет атау иеленіп отыр. Оқу ордасына қазан айынан бастап, атақты саяхатшы, географ, этнограф, «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген Сібірдің Құрметті азаматы Григорий Потанин есімі берілді.

Сурет автордан

Мектепішілік «Ұлыларды ұлықтау: Г.Потанин әлеміне саяхат» атты жобаны жүзеге асыру мақсатында ұстаздарымыз соңғы екі оқу жылында аянбай тер төкті. 2021 жылы ақпан айында Потаниннің ғылыми мұрасы жөнінде қалалық, 2022 жылдың сәуір айында халықаралық деңгейдегі ғылыми конференция өтті. Конференцияға Омбы кадет әскери корпусы взводының капитаны Жүсіп Данияров, Томск МУ ғылыми кітапханасының қолжазбалар және кітап ескерткіштері бөлімінің кітапханашысы Иван Голев, Иркутск қаласының бас кітапханашысы Лариса Константинова, Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Ғалымтай Төлепбергенов, Павлодар қаласындағы С.Торайғыров университетінің оқытушысы тарих ғылымдарының профессоры Аслан Әзербаев, Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-дың археология, этнография және Отан тарихы кафедрасының профессоры, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова қатысты. 2021 жылдың мамыр айында мектеп музейі ашылды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерге ғалымдар мен конференция қонақтарынан құттықтау бейнематериалдары келіп түсуде.

Ұлы ғалымның есімін арқалаған мектептен білімді шәкірттер шығады деп мол сеніммен айта аламыз.

Назым МЕЙІРБЕК,

Г.Потанин атындағы ЖББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Басқа материалдар

Back to top button