Жаңалықтар

Мектеп директорларының кадрлық резерві жасақталады

Мектеп директорларының кадрлық резерві жасақталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы педагогтарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінің сапалы дамуына және педагог мәртебесін одан әрі дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталды. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, Жол картасы білім беру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен аса іс-шараны қамтиды. Оның ішінде тәрбиешілерді оқыту және аттестаттау ұйымдастырылады, жаңа модель бойынша даярлық курстарының мазмұнын жаңғырту.

«Орта білім берудегі өзекті мәселе – білім мазмұны мен білім сапасы. 2020-2021 оқу жылында мектептердің жаңартылған бағдарламаларға көшуі толық аяқталып, білім беруді критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл өте маңызды өзгеріс болды. Алайда мониторингтік зерттеулерге сәйкес жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламалары жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар «Білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві» жасақталады. Резервтегі менеджерлерді «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елде тағылымдамадан өткізу көзделген. Бұдан басқа еліміздің озық тәжірибелі педагогтерінің республикалық базасы құрылады», — деді Ғани Бейсембаев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button