«Мейірімді ғажап жан өзің ана»
Мейірімді ғажап жан өзің ана,
Құдіретті, аяулы сөзің дана.
Ұрпағыңның бойына ұлылықтың
Нәрін беріп, дән еккен өзің ғана.
Әр перзент қарыздар ғой анасына,
Құрметтеуді құйса екен санасына.
Анасынан сезінген махаббатты,
Ертең-ақ көрсетеді баласына.
Баласына бол дейтін жүйрік қана
Анамыз лайық гүлге, сыйлыққа да.
Өзінен де баласын артық көрген,
Анаға тағзым етем иіліп қана.
Әлихан ЕЛШІБЕКОВ,
Ахмет Байтұрсынұлы
атындағы мектепгимназияның
5-сынып оқушысы