Медицина

Медицина мамандарына əлеуметтік қолдау

Өңірде ауылдарда жұмыс істегісі келетін медицина мамандарын ынталандыру жалғасуда. Былтыр жас мамандарға берілген əлеуметтік қолдау көлемі 5 миллион теңге болса, биыл ол 8,5 миллион теңгеге дейін өседі. Əлеуметтік қолдау нəтижесінде ауылдық жерлердегі дəрігерлер тапшылығы төмендеуде. Өткен жылы бұл мүмкіндікті пайдаланған 61 жас маман ауылда еңбек етіп жүр.

Сурет облыс əкімдігінің сайтынан

Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде жас дəрігерлер қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілген. Ауданда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жұмыс істейді. Оған сəйкес, тұрғын үй сатып алуға шамамен 9 млн. теңге пайызсыз ақшалай несие қарастырылған. Алайда, кейбіреулер қызметтік тұрғын үйді таңдады. Ботақарадағы аудандық аурухананың төрт отбасыға арналған медициналық үйі бар. Орталық жылыту жүйесіне қосылған үйлерде қажетті жиһаз бен тұрмыстық техникасы бар. Үйдің жанында ойын алаңдары салынған. Сонымен қатар, жас мамандар тұрғын үйді жалға алады.

Акушер-гинеколог Ақбота Қожамқұлова резидентураны бітіргеннен кейін күйеуімен жəне екі баласымен бірге Ботақараға келген.

– Əрине, таңдау болды, – дейді Ақбота Қожамқұлова. – Барлық жерде акушер-гинекологтарға сұраныс бар, жалпы, мамандығым сұранысқа ие. Мұнда жақсы жағдайлар ұсынылды. Мен қалада қалмағаныма өкінбеймін. Барлығы ыңғайлы, баспанаға қатысты уайым жоқ, барлық жағдай жасалған. Біз мұнда керегімізді ғана алып, келе салдық. Дайын пəтерге қоныстанып, келесі күні жұмысқа шықтық. Балалар бірден мектепке орналасты. Үй, жұмыс, мектеп барлығы жақын жерде. Ұжымым да жақсы, бəрі ұнайды. Ауылда жұмыс істеп, кəсіби тəжірибе жинауға болады.

Бұқар жырау ауданының аудандық аурухана директоры Данияр Қожабаев бейінді мамандарға қажеттілік əлі де бар екенін айтты.

– Ауруханада материалдық- техникалық база жаңартылып, заманауи жабдықтар алып жатырмыз. Алайда, кадр жетіспейді, сондықтан, осындай бағдарлама өте қажет. Өткен жылы біздің ұжымға сегіз жас қызметкер келді. Үш акушер-гинеколог, екі жалпы тəжірибелік дəрігер жəне үш акушер. Бейінді мамандарға қажеттілік əлі де бар. Атап айтқанда, эндокринолог, ультрадыбыстық зерттеу маманы қажет, – дейді Данияр Қожабаев.

Данияр Қожабайұлы кезінде мұндай бағдарламалардың болмағанын да атап өтті.

– Мен өзім осында 90 жылдардың соңында келдім қаладан. Ол уақытта мұндай бағдарламалар болған жоқ. Қазір жас мамандар үшін əзірленген əлеуметтік пакет өте жақсы. Бұл – ауылда жұмыс істеуге керемет ынталандыру, – дейді ол.

Жалпы практика дəрігері Ахрор Усманов Қарағанды облысына Оңтүстік Қазақстан өңірінен көшіп келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

– Бізге Қарағанды облысынан өкілдер келді, түлектерді жұмысқа шақырды. Олардың ұсынған шарттар ұнады. Ойланып, баруға шешім қабылдадық. Бүгінде бастапқыда айтылған шарттардың барлығы іс жүзінде орындалды. Əйелім де осы саладан, болашақ медбике, – дейді А.Усманов.

Бір реттік əлеуметтік көмек «Дипломмен ауылға!» бағдарламасынан бөлек екенін айта кеткен орынды. Бұл – сол көтерме ақының үстіне енгізілген қосымша қолдау. Медицина саласында жұмыс істейтін мамандарды қолдау үшін, ауылдағы медицинаны дамыту үшін, ауылдағы кадр тапшылығын шешу үшін əзірленген бағдарлама. Жыл басында Парламент Мəжілісі бағдарламаға қатысты заң жобасын мақұлдаған болатын.

Жас мамандарды тарту ауылдағы дəрігер тапшылығын жоюға көмектеседі. Ал, ауыл тұрғындары медициналық көмек алу үшін қалаға шапқыламайды.

Жансая ОМАРБЕК,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button