Ресми

Медиасауаттылықтың маңызы зор

Қазақстанда дамудың жаңа дəуірі басталды. Осыған сай қоғамдық сананы жаңғыртуда осы тарихи кезеңге тəн қауіптер мен сын-қатерлер жан-жақты бағаланып, болашаққа деген терең көзқарас негізделуі керек. Бұл дəл қазіргі кезеңдегі ақпараттар ағыны ғаламат өріс алып тұрған шақта, халықтың медиасауаттылығын барынша кемелдендірумен тығыз байланысты. Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыс кəсіпкерлерінің ассоциациясы «Жаһандық құзыреттіліктер жəне медиасауаттылық» аталатын танымдық жəне тағылымдық жобаны жүзеге асыруда. Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» деген үндеуін қолдау жөніндегі іс-шараларды танымал ету жəне іске асыру, өз мəдениетін, өзіндік ұлттық кодын сақтау, жеке тұлғалардың БАҚ құралдарымен жұмыс жасай білу дағдылары мен белсенділік қасиеттерін қалыптастыру – жобаны ұйымдастырып өткізудің басты жүйесін қамтитын негізгі міндеттер болып саналады.

Медиабілім беру – жоба бойынша білім алушылардың бұқаралық байланыс заңдылықтарын оқытуды жақтайтын бағыт. Негізгі міндеті – жалпы жұртшылықты, оның ішінде, жас ұрпақты казіргі ақпараттық заман талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен талдауға дайындау, адамды оны түсінуге, оның психикаға əсерін білуге үйрету, байланыстың вербальдік емес формалары негізінде техника құралдар мен қазіргі ақпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тəсілдеріне үйрету. Əлеуметтің маңызы зор медиасауаттылық туралы білім беру мен тəрбиелеудегі атқарылатын жұмыстар жүйесіне əр түрлі алаяқтық қауіп-қатерлерден сақтандыру жолдарымен таныстыру басты нысанаға алынған. Медиасауаттылыққа тəрбиелеудің негізгі қағидаларына сəйкес қазіргі кезде орын алып отырған қаржы пирамидаларының зияны туралы дəлелдермен сабақтастыра қарастыру жалпы бағыт-бағдарын құрайды.

«Медиа» термині біздің елімізде қолданыста жиі аталмағанымен, өміріміздің ең маңыз ды бөлігіне айналып кетті. Ол қазіргі жаһандық ақпараттар ағынында қоғамымыздың дамуына, тұлғаның қалыптасуына зор əсер етуші қару болып отыр. Медиа тек тұлғаның қалыптасуына əсер етіп қана қоймай, ол халықтың жəне жас буынның санасының дамуына өзінің теріс ықпалын тигізуде. Сондықтан да заманауи, жылдамдығына көз ілеспейтін ақпаратты ажырата білуге, ондағы жақсы мен жаманды пайымдап түсінуге, тұлғаның сыни ойлау қабілетін дамытуға атсалысу осы медиабілім берудің басты міндеті болып саналады. Медиасауаттылыққа тəрбиелеу арқылы барлық жастағы адамдарға қазіргі қоғамда сыншыл тұлға, тиімді коммуникаторлар жəне белсенді азамат болу үшін дағдыларын дамытуға көмектесуді көздейді. Мамандықтың қай саласында болсын бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мақсат.

Медиасауаттылыққа тəрбиелеудің негізгі қағидаларында білім беруді балалық шақтан сыни тұрғыдан ойлау жəне тұжырымдамалар мен мəтіндерді тереңірек талдап, сұрақ қою арқылы дамытудан бастауға болатыны анықталған. Қоғамда медиасауаттылықтың төмендігі үрейге, сенімсіздікке, денсау лық саласындағы жобалардың сəт сіз болуына, əлеуметтік поляри за цияға, жеккөрушілікке алып келе тіні қазіргі кезде белең алып бара жатыр. Бəрімізге айқын күнделікті көріністің бірі – халық алаяқтарға алданды. Былтырғы статистиканың өзінен алаяқтардың арбауына түскен адамдардың қан шалықты көп екенін көруге болады. Алаяқтар келтірген залал 2019 жылмен салыстырғанда 180 млрд. теңгеге артқан. Бұл құқық қорғау органдарына шағымданғандардың үлесі ғана, ақшаға алданғанын айтқысы кел мейтіні қаншама. Қоғамда медиа сауаттылықтың төмендігінен туындайтын ең қарапайым мысал осы.

Пирамида – жұртты тақырға отырғызатын қаржы саласындағы үлкен қатердің бірі. Қанша алданса да, пирамиданың қақпанына түсіп қалып жатқан қазақстандықтардың қарасы өте көп. Оның екі себебі бар. Біріншісі – тез баюдың жолын іздеу. Екіншісі – қаржылық сауаттың болмауы. Екіншісінен біріншісінің əсері басым. Себебі, сауаты бар кісілердің өзі жылдам баюдың жолын іздеп, алаяқтардың құрығына қалай түсіп қалып жатқанын білмей қалып жүр. Өкінішке қарай, қатардағы көп адамның бойында бұның екеуі де бар. Шындап ойлансақ, екеуін де шешуге болады. Макроталдаушы Аякөз Ханетова: «Біздің қоғамда пирамида екенін біле тұра өз ақшасын қатерге тігетін адамдар бар. Қазіргі таңда пайда болып жатқан қаржы пирамидаларын шынайы компаниялардан ажырату өте қиын. Ол үшін міндетті түрде белгілі бір деңгейде қаржылық сауаттылық керек. Алайда, кей жағдайда сауатты болу да жеткіліксіз. Себебі, өте сауатты адамдардың да ақшаларын өз қолымен алаяқтарға бергенін көрдік те, естідік те. Өйткені қазір адамдарға «бұл жаңадан ашылған компания, сіз міндетті түрде басында кіргеніңіз үшін ұтасыз» деп ақылға қонымсыз пайда сомаларын айтып қызықтырады», – дейді.

Қаржы пирамидаларының көбейіп кетуіне жалған блогерлер жанталаса жұмыс жасауда. Жалпы, блогерлер аудиториясының ауқымы өте үлкен. Жазғандары ресми ақпараттық құралдарға қарағанда жылдам таралады. Осыны ескерсек, олардың ойластырмай жасаған əрекеттері бұқараға лезде əсер ету қаупі бар екенін аңғарамыз. Заң олардың мəртебесін анықтаумен қоса ақпараттандыру жұмысында таза тəсіл мен анық деректерді пайдаланудың маңыздылығына көңіл аудартады. Құжат жалған мəліметтер тарату немесе заңсыз пайда алу үшін танымалдылықты теріс пайдаланудың алдын алады. Жауапкершілік аясы нақты анықталса, блогерлер қандай да бір ақпарат жарияламас бұрын жақсылап тұрып ойланатын болады.

Медиасауаттылық туралы ақпарат кейде бұқаралық ақпарат құралдарының жағымсыз өлшемдерін, оның медиа манипуляцияларын, жалған ақпараттарды, жыныстық жəне нəсілдік стереотиптер жəне оған алаңдау, жеке өмірді жоғалтуға сенімсіздік, киберқауіпсіздік жəне интернет жүйесіндегі жыртқыштық əрекеттерден қорғануға бағытталады. Медиасауаттылықты қалыптастыру медиа мен технологияны пайдалануды білім мен құзыреттілікті қалыптастырады. Сол арқылы халыққа медианы тұтыну əдеттері мен пайдалануды дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

Медиасауаттылық халықтың əлеуметтік желілердегі əр түрлі мазмұндағы мəтіндер мен хабарларды түсінуге жəне қоғамдық пікірталасқа үлес қосуына, сайып келгенде, көшбасшыларын сайлауда дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Серік САНАУБАЕВ,
Қарағанды облысы кəсіпкерлері ассоциациясының атқарушы директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button