Мас жүргізушіні құрықтады
Бұқар жырау ауданы, Ғабиден Мұстафин кенті, Нұра станциясына жақын маңдағы теміржол бойында жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көліктің рөліне ие бола алмай, бағанаға соғылған жеңіл көліктің 48 жастағы жүргізушісін мас күйінде ұстады.
Тексеру барысында жүргізушінің осыдан үш жыл бұрын көлікті мас күйде басқарғаны үшін сот шешімімен 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Оrtalyq.kz