Жаңалықтар

Марат Азбанбай: «Қар-қар» тауы Гар-Гар тауларымен үндесіп жатқанына таң қалуға болмас

Халық ақыны Жақсылықтың «Қарқаралы тауының сүгіреті» деген өлеңінде «ырғайы-сапқа, шырғайы-қорамсаққа» келетін Қарқаралының асыл алқасы жайында тағы бір маңызды дерек бар. Тыңдалық:

 

«Басында Қаракөлі Қарқараның, Көргені бәрі сонда тамашаның. Жолын таппай жобамен жан бармайды, Қашқан-сасқан сақтаған сонда жанын».

Қарқаралы басында жалғыз аршаға серік қылып, жаратылыс Қаракөлді сыйға тартқан. Ғалым Мейер өз күнделігінде көркем, кербез тауды атауын «Қар-Қаралы» деп таңбалайды. Ғалым Мейердің «Қар-Қаралы» терминінің «Қар-Қар» түбірі «биік шыңды тау» деген мағынаға ие ежелгі ескі сөз. Мейердің «Қар-қар» тауы Вергили мен Овидий ақындардың Гар-Гар тауларымен үндесіп жатқанына таң қалуға болмас.

Марат АЗБАНБАЙ

Автордың «Қарқаралының көне тарихы Архив құжаттары байырғы заң мəтіндерімен салыстырылуы тиіс» атты мақаласынан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button