Жаңалықтар

Марат АЗБАНБАЕВ: Гусев Жарлыққа сай аға сұлтанды председатель деп атаса, неміс ғалымы Мейер «президент» деп жазады.

Омбылық чиновник Гусев ресми жазбаларында аға сұлтан Құнанбайды Қарқаралы приказының председателі деп те атайды. Өйткені, 1822 жылғы Жарғының 15-20 баптарына сәйкес ауылдарды старшиналар, болыстарды сұлтандар басқаратын. Ал, бүкіл бір округті басқаруға болыстар аға сұлтанды сайлайтын.

 

Сайланған аға сұлтанға Ресей үкіметінің атынан жергілікті басқару ісі тапсырылғандықтан ол – земский чиновник болып танылатын. Округтік приказ – билік орны боп саналғандықтан барлық істер приказ атынан өткерілетін. Аға сұлтанның төрағалық етуімен округтік приказда облыс бастығы бекіткен екі ресейлік заседательден өзге құрметті қазақтар арасынан сайланған екі қазақ заседателі қызмет ететін. Гусев Жарлыққа сай аға сұлтанды председатель деп атаса, неміс ғалымы Мейер «президент» деп жазады.

Марат АЗБАНБАЙ

Автордың «Қарқаралының көне тарихы Архив құжаттары байырғы заң мəтіндерімен салыстырылуы тиіс» атты мақаласынан. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button