Басты тақырыпОблыс әкімі

Майталмандар – құрмет төрінде

Аймақтың мәдениет саласы мамандары – құрмет құшағында. Кеше Қарағандыдағы К.Станиславский атындағы орыс драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сәні мен мәні келіскен салтанатты жиын өтті. Осы жерде сала майталмандарына тағайындалған облыс әкімінің дәстүрлі сыйлығы тапсырылды.

Жиынға облыс әкімі Ерлан Қошанов арнайы қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы мәдениет саласында тер төгіп жүрген жандардың еңбегін айрықша атап өтті.

Мәдениет пен өнерді қолдау – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сіздерге Отанымыздың бай әрі көрнек­ті мәдени құндылықтарын дәріптеп, байыта түскендеріңіз үшін шек­сіз алғыс білдіремін. Мәдениет пен өнер – біздің өміріміз­дің ажыра­мас бөлігі. Көпұлтты мем­ле­кетімізде­гі халықтардың өзіндік ерекшелі­гін паш етіп, дәстүрлі құндылықтарымызды сақтауға ық­пал етеді, – деді Ерлан Жақан­ұлы.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан үздіктерге тоқталсақ…

«Жыл артисі» – Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының жоғарғы санатты артисі Алексей Шумский мен С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының жоғарғы санатты артисі Маржан Әнуар; «Үздік эпизодтық роль» – С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының артисі Ерке Байдешев; «Жылдың үздік театр режиссері» – К.Станиславский атындағы орыс драма театрының бас режиссері Александра Большакова; «Жылдың эстрада жанрындағы вокалисі» – Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Әуен» ансамблінің солисі Мадина Жаңабаева; «Жылдың классикалық жанрдағы вокалисі» – музыкалық комедия театрының жоғарғы санатты артист-вокалисі Виктор Игушкин; «Жыл инструменталисі» – музыкалық комедия театрының артист-инструменталисі Сергей Сыпков және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі симфониялық оркестрінің артисі Владислав Бадрах; «Жылдың солист-инструменталисі» – Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халықтық аспаптар оркестрінің артисі Айгүл Аужанова; «Халық әнінің үздік орындаушысы» – Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі «Әуен» ансамблінің солисі Дулат Аханов; «Жыл дирижері» – Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Дүйсен Үкібай; «Жыл хореографы» – музыкалық комедия театрының балетмейстер-қоюшысы Татьяна Судакова-Попович; «Үздік балет және хореографиялық ұжым артисі» – Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблінің артисі Мархабат Төкенова; «Үздік көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісі» – Ұлытау аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Вера Құлахметова; «Үздік бос уақытты ұйымдастырушы» – Қарағанды қаласындағы «Молодежный» Мәдениет үйінің директоры Айжан Шәкенова; «Үздік ауыл мәдени қызметкері» – Қарқаралы ауданы Тегісшілдік селолық округіне қарасты Восток ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Ержан Біләлов; «Үздік ауыл кітапханашысы» – Нұра аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Гүлмира Әжмағанбетова; «Үздік кітапханашы» – Қаражал қалалық С.Сейфуллин атындағы кітапхананың әдіскері Жанар Оқасова; «Жылдың мұражай қызметкері» – Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражай директорының орынбасары Салтанат Қамытбаева; «Алтын жолақ» – жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сүйіндік Жанысбай; «Жылдың үздік суретшісі» – суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жанат Комутов. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы театр, кино саласында талмай тер төгіп келе жатқан талантты актер, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының артисі Қайрат Кемалов «Мамандығына адалдығы үшін» аталымында марапатталды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button