Жаңалықтар

Майдандағы махаббат

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы ел тарихында қаралы іздерімен қалғаны мәлім. Майданда да, тылда да адамдар тек жеңіс үшін деген ынта-жігермен өмір сүрді. Қанша уақыт өтсе де Отан үшін қан майданда болған аға-әкелеріміздің ерліктері ұрпақ үшін үлгі. Соның бірі соғыс ардагері Айтмағанбет Молдин әкеміз 1915 жылы Ақтоғай жерінде дүниеге келген. Еңбекке ерте араласып, балалық шағын колхоз жұмысына арнады.

1939 жылы Қоңырат аудандық әскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия қатарына Кеңес Одағының батыры Қазбек Нұржановпен бірге аттанды. 1941 жылы әскерден қайтайын деп тұрғанда соғыс басталғаны туралы хабар келген. Сол жылы Хабаровскіде саяси жетекшілер дайындайтын курсты оқып шығады да, ротаның саяси жетекшісі ретінде майданға аттанады. Ол майданда жүріп әскери техниканы да меңгереді. 1943-44 жылдары Киевтегі Тимошенко атындағы танк технигін дайындайтын училищесінде оқып, одан кейінгі уақыттары қан майданның нақ орта- сында болған. Прибалтика елдерін жаудан азат ету шайқастарына қатысады. Ол кісінің училищеде алған білімі соғыс кезінде оның талай жауынгерлік іс-қимылдарда батыл да, қырағы қимылдап, қаһармандық ерлік көрсетуіне себеп болды. Бұл сөзімізге майдангердің жауынгерлік парақшасындағы мына бір жолдар дәлел: «1944 жылдың 23-26 ноябрь аралығында Латвия ССР-і Салдусск уезі Сили ауданыңда жаудың қоршауын бұзып өту кезін- дегі жойқын ұрыста А.Молдин жолдас ротадағы жауынгерлік тәртіпті бұлжытпай орындап, танкілерге техникалық көмек көрсетіп, үш танкіні дереу жөндеп, қайыра ұрысқа кіруін қамтамасыз етті. Осы кезде өз өміріне қауіп төніп тұрса да жаудың артиллериядан және пулеметтен атқылағанына қарамай, тоқтап тұрған танкілерді алып шықты. Осы ерлігі үшін А.Молдин «Қызыл Жұлдыз» орденіне ұсынылды. 2-ші танк батольоның командирі, гвардия майоры Дунин.» деп жазылған.

Бұдан бөлек әкеміздің соғыстағы ерліктері «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және басқа да медальдарымен аталып өтілген. Айтмағанбет әкеміз өмірлік жары Екатерина (Кәтіш) Молдинамен (Кондратенок) соғыс жылдарында Белорусь жерінде кездескен. Екатерина Ивановна 1942-1944 жылдары Королев атындағы партизан бригадасы құрамында болған. 1946 жылы әскери қызметтен босаған олар, ауылға бірге оралады. Туған жерге келген соң еңбекке белсене араласады. А.Молдин бейбіт өмірдегі алғашқы еңбек жолын «Калинин» колхозының басқарма төрағасы қызметінен бастап, одан кейін ұзақ жылдар бойы «Казсельхозтехника» бірлестігінде бас инженер болып абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Кәтіш шешеміз «Сәуле» ауылында медбике және балабақша меңгерушісі қызметін атқарып зейнеткерлікке шықты. Ұлы Отан соғы- сының қаһарман жауынгері, бейбіт дәуірдің адал еңбеккерлерінің өзі жоқ болғанымен артында, ұрпағы қалды. «Адам ұрпағымен мың жасайды». Екеуі сегіз бала тәрбиелеп өсірді. Барлығы да жоғары білім алып, өз саласында еңбек етуде. Қос майдангердің бүгінгі ұрпағы Отан алдындағы парызын адал орындап, жанқиярлық ерлік көрсеткен әке-шеше батырлығын мақтан тұтады.

Т.ЖАРМАҒАНБЕТОВ,

ҚР Мәдениет қайраткері.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button