Бас тақырып

Мағжан мектебінің «мұңы» немесе «бір қайғы жүз қайғыны қозғайды»

Қарағандыдағы маңдайалды білім ордасы саналатын Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия ауласында жылдар бойы қараусыз қалған ғимарат тұр. Бұл жер үйсіз-күйсіздер мен бұзақы жасөспірімдер үшін «жайлы мекен, қолайлы қонысқа» айналып үлгерген. Жиналғандар бұзақылық пен сорақылық жасайды.

 

Мәселен, жапсарлас орналасқан мектептің терезесін сындырған, аулаға бірнеше рет өрт қойған көрінеді. Бұзақыларға ешқандай тыйым болмай тұр. Қараусыз ғимарат не сүрілмейді, не иесі қоршамайды. Мектеп басшылығы қаншама рет дабыл қағып, құзырлы органдарға шағымданғанымен, нәтиже шығара алмай дал. Осыдан соң балаларға қауіп қалай келмесін?!

Бұл мәселе жайында газеттің ертеңгі, яғни, 26 шілдеде шыққан санынан оқи аласыздар.

Басқа материалдар

Back to top button