Жаңалықтар

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Сурет akorda.kz

– Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген ақпаратта. 

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.

Білімі:

1999 ж. – “Тұран” университетін “экономист” мамандығы бойынша бітірген.

2003 ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясын “Халықаралық қатынастар саласындағы маман” мамандығы бойынша бітірген.

2010 ж. – Ш.Есенов атындағы Қаспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін “Мұнай-газ кен орындарын игеру” мамандығы бойынша бтірген.

Еңбек жолы:

2001-2004 жж. – Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) бұрғылау ертінділері жөніндегі инженері, АҚШ және Малайзияда тағлымдамадан өткен.

2004-2007 жж. – өндіру менеджері (MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы).

2007-2010 жж. – “ТеңізСервис” ЖШС бас директоры.

2010-2012 жж. – “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ жобалау сервистері бойынша басқарушы директор.

2012-2013 жж. – “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ инновациялық даму және сервистік жоба жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың қазаны – 2014 жылдың тамызы – Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың 13 тамызынан – 2019 жылдың 17 маусымына дейін – Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі.

2019 жылдың 17 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ҚР энергетика министрі.

2022 қаңтар–2022 сәуір — Қазақстан президентінің кеңесшісі.

2022-2024 — ҚазМұнайГаз төрағасы.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов лауазымынан босатылды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button