Жаңалықтар

Мақсат – масылдық мінезден арылу

    Бүгінгі әлем үшін жаһандық дағдарыс туындатқан толқынмен күрес – аса маңызды мәселе екендігі даусыз. Ал ондай күресте тиімділік болу үшін ең алдымен дағдарыстың шығу себептерін түпкілікті зерделеп, оның туындауына сеп болған бағытты бағамдау онан да маңызды.

Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың пайымдауынша, дағдарыс ұзақ жылдар бойы әлеуметтік – экономикалық, қаржылық саладағы қордаланын келген мәселелердің шешіміне дер шағында жауап болмауынан туындайтын құбылыс. Әлем елдері экономикалық күйзеліске бірлесе атқарған шаралармен ғана тойтарыс бере алады. Бірақ, әр елдің өзіндік әрекеті болмаған болса, елдің экономикалық тәуелсіздігінің де бұлыңғыр болғаны. Бұл орайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы осы дағдарысқа толық жауап бере алды. Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласы арқылы бүкіл қазақстандық қоғамға үндеу тастап, дағдарыс салқыны әлі де есіп тұрған осы шақта ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елді ұйытатын мәселені айқындады. Яғни, дағдарыстан қорғану үшін Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай қадам жасауды ұсынды. Ал ондағы басты ұстаным «еңбек етсең, жемісін көресің» деген қағидамен ұштасты. Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткеніндей, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Ал әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Бағдарламаның өзектілігі – әлеуметтік жаңғыртуды теңестіру, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісін жетілдіру, әрбір қазақстандықтың еңбегін еселей отырып, тұтыну идеологиясы мен жаппай масылдықпен күрес, еңбек өнімділігі мен еңбек құндылығына баса мән беруде.

Әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбектің қойылуы өте орынды саналмақ. Жалпы қоғамды еңбекке жұмылдыру арқылы азаматтардың мақсат мұратына, ал тұтас мемлекеттің даму деңгейін одан сайын жақсартуға болатынын алға тартады. Бір сөзбен айтқанда, масылдықтан бір ғана адамның мәселесі туындап қоймайды, бұл мемлекет үшін де проблема.

Соңғы жылдары елдегі өндірістердің көптеп ашылуы жұмыс орындарына деген сұранысты қанағаттандырса да, маман мен жұмысшы тапшылығына қатысты мәселе әлі де болса өзекті. Елбасы «Егер бізге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл психологиядан арылу қажет! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, өндіріске бару керек. Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, нәпақа табатын жерге қарай ұмтылулары керек!» деп айтты.

Сондықтан, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы – ел игілігі жолында қажырлы еңбек етуге үндеп, қоғам дамуындағы еңбектің роліне аса зор мән береді.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы жұмыспен қамту орталықтарына да жаңа міндеттер жүктеді. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын бұрынғыдан да жақсарта түсу жайын да айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы көпшіліктің көңіліндегісін дөп басты. Себебі, қазақ қоғамындағы барлық азаматтарды еңбекпен, жұмыспен қамту басты міндеттердің бірі.

Л.АБДЫХАЛЫҚОВА,

Қарағанды облысы

Әділет департаментінің маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button