Ресми

Мақсат – айқын, міндет – зор

Жыл сайынғы Президент Жолдауын асыға күтіп отырамыз, жылт еткен жаңалығы, қоғамдағы қозғаушы күшке айналады. Биылғы Жолдауда жер мен шаруа мәселесі баса айтылып, би­ік деңгейде сөз болды. Қалың жұртшылықты қатты толғандыратын қадау-қадау мәселелер тағы да күн тәр­тібіне өткір қойылып отыр.

Сурет akorda.kz

Жолдауда елдің жағдайы қалай деп елеңдегенде, ең алдымен, шалғай аудандарда, шекаралық аудандарда мұғалімдер мен дәрігерлердің жетіспеушілігі – өте алаңдатарлық ахуал. Кадрлардың тап­шылығы, әсіресе, ауылдық жер­лерде қатты сезілуде. Кезінде жабылып қалған облыстар, аудандар қайта ашылғанда қатты қуанғанымызды несіне жасырайық. «Жол жөнделеді, құбыр тартылады, мектеп ашылады, шағын кәсіпкерлік дамитын болды» деп қуанды жұртшылық. Мойындау керек, қала мектептерінде бір сыныпта 40 бала отырса, ауыл мектептерінде бір сыныпта 4-ақ оқушы қалған жағдайлар бар. Міне, ауылдық жерлерде мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет саласы қызметкерлерінің жетіспеушілігінің бір ұшы осында жатыр. Мұғалімдерге, дәрігерлерге жағдай жасау, алтын бесік – ауылға апару үшін билік басындағылар қатты ойлануы керек. Мектеп мұғалімдерінің беделін көтеру олардың материалдық жағдайын жақсартумен байланысты, сонымен бірге, қоғамдағы ұстаздың рөліне мектеп те, ата-ана да, билік те бірдей жа­уапты екенін ұмытпайық.

Сонымен қатар, жер ананы емген ауылдағы ағайын үшін жер мәселесі өзекті. Жер – адамға аманатқа берілген асыл қазына. Ауыл шаруашылығын дамыту, диқанды құрметтеу, «бармақ басты, көз қыс­тыға» салмай, олардың еңбегін бағалап, марапаттап отыру – бүгінгі күннің күретамыр мәселесі. Жер көзжұмбайлыққа көнбейді. Аманат – жерден басталып, адамзатпен жалғасатын қасиетті дүние. Біз Президент атап өткендей, ауыл шаруашылығына үлес қосып жатқан ең­бек адамдарын ардақтай білуіміз керек!

Сәкітай СЫЗДЫҚОВ,
Ақтоғай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button