Нұра ауданына қарасты Мұзбел ауылы жыл сайын өркендеп келеді. Биыл ауылдағы саябаққа аумағы 150 шаршы метр болатын балалар алаңы салынып, айналасы жарықтандырылды. Жаңа орындықтар мен урналар қойылып, ұзындығы 300 метр болатын веложолақ төселді.
– Қазір саябақта төселген ойын алаңы, әткеншектер, балансирлер және құмсалғыш бар. Абаттандыру жұмыстары келесі жылы жалғасады. Баскетбол және волейбол кортын орнату жоспарда бар. Сонымен қатар, бейнебақылау камералары да қойылады, – деді ауыл әкімі Айнұр Бекмағамбетова.
Айта кетейік, биыл ауылдың кіре берісіне және саябаққа жарық тіректері мен жарықдиодты шамдар орнатылған болатын. Оған дейін ауылда жарық мүлдем болмаған. Енді ауылішілік көшелердегі жарықшамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Нұра ауданы.
Ortalyq.kz