Мәселелер назарға алынды
Қарағанды облысының прокуроры Марат СЕКСЕМБАЕВ аймақтарды аралауды және қала, аудан прокуратураларының ұжымдарымен кездесуді Жаңаарқа ауданынан бастады.
Кездесу барысында аудан прокуратурасының қызметкерлерімен танысып, олардың ұсыныстарын тыңдап, ой бөлісіп, пікір алмасты.
Кездесуден кейін, аудандық ішкі істер бөліміндегі «Айқын кабинеті» мен «Прокурор кабинетін» аралады. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді. Облыс прокурорының жеке қабылдауында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасу, ауыз су мәселесі, бизнес ашу үшін жер теліміне қатысты және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сұрақтарына байланысты аудан тұрғындары болып, көкейдегі сұрақтарына жауап ұсынылды. Жеке қабылдаудан түскен арыздар бойынша аудан прокурорына тапсырма берілді.
Облыс прокурорының ұжыммен кездесіп, азаматтарға жеке қабылдау жүргізуі – аудандық прокуратура ұжымы үшін үлкен тәжірибе болды.
Жаңаарқа аудандық
прокуратурасының
баспасөз қызметі.