Жаңалықтар

Мүфтият үздіктері – аймақта

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен 2023 жыл – «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында облысқа аты мәлім Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешіті жылдың «Үздік аудан мешіті» атанды.

Суреттер шараны ұйымдастырушылардан алынды

– Ғасырлық тарихы бар бұл мешіттің қазақ үшін құндылығы зор. Еліміздің әр ауыл, аудандарында, қалаларында ерекшелігі ертеден бері келе жатқан көне мұралары бар. Ал, оның ішінде, ойып тұрып орын алары бұл, әрине, Қарқаралыдағы «Құнанбай қажы» мешіті. Талай құлшылықтың куәсі, Аллаға мыңдаған мадақ айтылған қасиетті орынның бүгінге дейін сақталуының өзі жетістік. Дәл қазіргі уақытқа дейін онда жамағат жиналып, сәждеге бас ұрады. Құдайға құлшылық қылады. Тіпті, Қарқаралы қаласының танымал орындарының бірі десек те болады. Өйткені, онда қыдырып, не саяхаттап барған туристердің көбі сол Құнанбай қажы мешітіне соқпай кетпейді. Міне, бұл да мешіттің танымалдылығын арттырады, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кешегі Құнанбайдың ізі қалған тарихи жәдігердің әлі де қасқайып тұруы – жергілікті жұрттың абыройы. Кез келген аудан тұрғыны мұны мақтанышпен тамсана айтады.

Сонымен қатар, «Мүфтият үздігі-2023» жобасы аясында Қарағанды облысы өкілдігі әрбір бес бағытқа қарасты бөлімдерге жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, «Бес бағыт үздігі» номинациясын иеленді.

– Әуелі Алла, одан кейін мешітке жиналған барша жамағаттың ізгі тілек-ниеті, шынайы ықыласы деп білемін. 20 облыстың арасынан осы бір аталымды жеңіп алудың өзі нығмет біздерге. Бұл – жамағат пен имамдардың ортақ марапаты, – деді облыстың бас имамы Естай Әбдіғали.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button