ЖаңалықтарРесми

Мәдени нысан жөнделмек

Теміртаудағы энергетиктер мәдениет сарайы коммуналдық меншікке қайтарылды. Ендігі кезекте тұрғындар әкімдіктен тарихи маңызы бар мәдени нысанды қалпына келтіру жұмыстарына көмек сұрап отыр.

Ғимарат 1961 жылы салынған. 1996 жылы жұмысын тоқтатты. Осы уақыт аралығында ғимаратты ешкім қадағаламағандықтан әбден тозығы жеткен. Жергілікті басшылар осы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына атсалысса екен деген қала тұрғындарының өтінішін ескерді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында «Қалалық бюджетті нақтылау барысында біз ғимаратты тарихи архитектуралық стилін сақтай отырып, оны қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат қарастырамыз», – деп жазды Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Егер мәдени ғимарат қалпына келтірілетін болса ескі атауы сақталып, түрлі үйірмелер ашылады деп жоспарлануда.

Сағыныш ӘБІЛ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button