Жаңалықтар

Мұғалімдер мен оқушыларға сабақта телефон ұстауға тыйым салынады

Бұл туралы “Ашық” НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлады ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

– Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі, – деп жазылған.

Сонымен бірге, жаңа өзгеріске сәйкес мектептің ішкі тәртібіне қарама-қайшы әрекет жасаған оқушылар ата-анасына немесе заңды өкіліне ескертусіз мектептен шығарылмайды.

– Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді. Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді қажет болған жағдайда оларды білім беру ұйымына шақыра отырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды, – делінген құжатта.

Бұған қоса, сабақ кезінде қажеттілік болмаған жағдайда педагог пен оқушыға ұялы телефон қолдануға тыйым салынады.

– Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтер сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды, – деп өзгеріс енгізілген бұйрыққа.

Қазір қолданыстағы заңнамада жоғарыда аталған ережелер жоқ.

Бұйрық 28 наурызға дейін көпшіліктің жария талқылауында болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button