Жаңалықтар

Ұлытау облысында жолаушылар пойызы 6 жылқыны қағып кетті

4 ақпан күні Манадыр-Жомарт аралығында Алматы-Жезқазған жолаушылар пойызының машинисі теміржол жолдарында жайылып жүрген жылқыларды байқап, тоқтауға тырысса да үлгермей 6 жылқыны қағып кеткен, деп хабарлайды ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейін пойыз жоспарсыз 8 минут тұрған.

– Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Үй жануарларының иесі болып табылатын 59 жастағы жергілікті тұрғын анықталды,- деді ведомство.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі «Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button