Ұлытау несімен киелі?
Атамыз қазақтан қалған: «Ұлытауға шықтың ба? Ұлар етін жедің бе?» сынды кең таралған қанатты сөз бар. Осы бір аталы сөз сан ғасыр, талай тарғалаңды артқа тастап, біздің заманымызға жетіп отыр. Осы орайда, «Ұлытау несімен киелі?» деген сұрақтың жауабын іздеп көрдім.
Біріншіден, Ұлытау ежелгі түрік бабаларымыздың қасиетті қорымдары орналасқан, ұлы дүбірлі науқандары өткен ерекше тарихи және рухани құндылыққа ие өлке. Екіншіден, ол Шыңғыс ханның Қайдау ханға дейінгі аталарына қоныс, ұлысқа рухани тірек болған киелі жер. Үшіншіден, Алашаханның – Шыңғыс ханның және оның баласы Жошы ханның күмбездері тұрған қасиетті өлке. Төртіншіден, Кенесарыға дейінгі қазақ хандары ақ кигізге отырғызылып хан көтерілген, мемлекеттілігіміздің құты қалған орасан зор тарихи маңызы, идеологиялық құны бар ардақты аймақ. Сондықтан да Ұлытау алты Алаштың арқауы, үш жүздің өзегі, қазақ елдігінің рухани тірегі болған аса қасиетті, ерек киелі мекен.

Тілеуберді ӘБЕНАЙҰЛЫ.