Ұлттық ұлан сарбаздары оқу-әдістемелік сабақ өткізді
Ұлттық ұлан 5451 әскери бөлімінің сарбаздары штаттан тыс тілшілермен оқу-әдістемелік сабақ өткізді. Сабақ барысында шығармашыл жандардың қызметімен танысып, тәжірибе алмасты.
– Біз әскери жандар журналист емеспіз. Десе де, Ұлттық ұланның қайсар ұлдары ел ішінде ерлік жасап, қылмыстың жолын ашатын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін батыл ұлдармыз. Біздің бөлім ішіндегі мерзімді әскери қызметшілердің өміріндегі қызықты сәттер, жетістіктер шет қалмауы керек. Қоғамға анық түрде жетсе міне жетістік, – дейді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасары подполковник Константин Стрелков.
Әдістеме сабағына рота командирінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен штаттан тыс тілшілер қатысты. Шара барысында сарбаздар фото түсірудің, ақпарат жазудың және таратудың қыр-сырын талқылады. Сондай-ақ, 3ЖМБ Жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының, рота командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары лейтенант Тайр Омарханов қызметтен тыс қызығушылығы мобилография жайында сөз қозғап, сабақпен ұштастырды.
Әдістемелік сабақтың жалғасы бөлім командирінің қолдауымен, Сарыарқа телеарнасында өтті. Әдеби-шығармашыл жандардың қызметімен танысып, жұмыс орнына экскурция жасады. БАҚ өкілдерінің тыныс тіршілігімен, жаңалықтардың ел ішінде қалай таралатынын, қызығы мен ерекшелігімен танысты.
Қатардағы жауынгер Серікбол Болатхан.