Жаңалықтар

Ұлттық ұлан сапындағы егіздер

Қараша айының соңынан бастап Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жас сарбаздарды әскер қатарына шақыру науқанын бастады. Осы науқанға Түркістан облысының тұрғындары Бекарыс пен Жанарыс Адылбек, Павлодар облысы, Майқайын ауылынан Әли мен Мұхаммед Сатыбалды есімді егіздер Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімге шақыртылды.

Суреттер: автордан

 – Інім екеуіміз әскер қатарына қатар шақыртылдық. Кішкентай кезімізден бір-бірімізден бөлінген емеспіз. Түрлі мәселелерді бірге шешіп, бірге талқылаймыз. Енді бірге әскер қатарына қабылдандық. Отан алдындағы борышымызды қатар өтемекпіз, – деді Бекарыс Адылбек.

Бекарыс пен Жанарыс Отан алдындағы борышын өтеу жолында дайындық курстарын Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімінің 1 оқу ротасында әскери қызметші атану жолында шыңдалып жатыр.

– Алғашқы күннен-ақ командиріміз құшақ жайя қарсы алды. Бүгінде әскери тәртіпті ұстануды, күн тәртібіне сай өмір сүруді, көбіне байқалмаған жауапкершілікке баулып, бөлімше, взвод командирлері барынша үйретіп жатыр, – деді егіздің сыңары Жанарыс.

Егіздермен бірге 2005 жылғы Сағдатбек Адылбек те біргекелген.  

 – Әкелереміз Мұрат пен Мұхтар бір анадан туған. Кішкентайымыздан бірге өстік. Мен Бекарыс пен Жанарыстан 12 күнге үлкенмін. Әскерге бәріміз бірге шақырту алдық, – дейді  Сағдатбек Адылбек.

1 оқу ротасы 6 оқу взводының командирі ефрейтор Руслан Илья:

– Адылбековтер бірінші күннен бастап алғыр мінездерімен бірден көзге түсті. Барлығын тез үйреніп жатыр. Өзара тату.  Әрине, әскерилерге бұл қасиет ауадай қажет. Білікті әрі шапшаң қимылдайды, – деп бөлісті.

Осыдан бір апта бұрын 6505 айдауылдау бригадасының оқу пунктісіне Мұхаммед пен Әли Сатыбалды қатарға шақырту алған. Әли әскерге шақыртылардың алдында «аспазшы» мамандығы бойынша орта арнайы білімін тәмамдаған. Оқуын тәмамдап, шеф-аспазшы болып үлгерген. Ал, ағасы Мұхаммед Павлодар облысының аллюминий зауытының механигі болып жұмыс атқарған.

 – Мұхаммед маған қарағанда сабырлы. Өзімнің болмысымнан болар, әрдайым көңілді жүріп, өзгенің көңілін аулағанды ұнатамын. Мектепте де мұғалімдеріміз осы мінезімізге қарап ажыратма керек. Енді командирлеріміз де бір-бірімізді тура солай таниды, – Әли Рүстемұлы.  

Сатыбалдылар отбасы жалпы бес бала тәрбиелер отыр, үлкені Мұхаммед, одан кейін (уақыт аралығымен) Әли, кейін 2010 жылғы қарындастары Қарақат, 5 жасар Інжу мен кенжесі Әлишер бүгінде үш жаста.

Отағасы Рүстем мен ошақ иесі Аяужан қарапайым халықтан шыққан, әкелері жүктеуші болып жұмыс жасайды, аналары уақытша бала тәрбилеу демалысында.

Әскери қызметтің өзіндік талаптары бар, әскери шені мен лауазымы жоғары тұлғаға бағыну, қойылған тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау, әскери өнерге үйрену мұның барлығына әскери антта айтылғандай жауынгер батылдық танытып шыдауы тиіс, бүгінгі күні Сатыбалды  әулетінің тұңғыштары аз  уақытта өздерінің әскери қызметте осал болмайтынын көрсете білді.

1 оқу ротасы 5 оқу взводының командирі 3 сынып сержанты Азамат Дәрібаев:  Сатыбалдылылар келгеніне бір апта шамасы болды, басында тану қиын еді қазір үйреніп қалыппыз, шындығында Әли ағасы Мұхаммедке қарағанда сәл шапшаңдау екен, сонда да көп жерде өзара тірек беріп, бөлінбей жүреді, болашақта үздік жауынгерлер болатынына сенеміз.

Қорытындылай келе айтарымыз, жыл сайынғы Ұлттық ұлан шақырылым сарбаздарына тән қасиет  батыл да ержүрек, антына адал, туған жері еліміздің  өзге өңірі болса да, шыдамдылық танытып, суық пен ыстығына төзе білетін жауынгерлермен лайым толысып тұрады.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
«Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button