Ұлттық дәстүрді насихаттайтын акция басталды

Республика күніне орай елімізде «Қазақ рухы» акциясы бастау алды. Жаңаша жаңғыруды көздеген қарағандылық жастар қазақы киімдер мен ұлттық дәстүрді насихаттайтын акцияға өзіндік үлес қосуда.

Сурет: massaget.kz

Әлеуметтік желіде белсенді жалғасқан акцияда жастар Мемлекет басшысының сөзін бейнежазбаға қойып, қазақша стиль туралы ойын, әшекейлерге қызығушылығын, дәстүрлердің жаңғыруы жөнінде жазба қалдыруда. Ұлттық киіммен, әшекеймен түскен суреттерін жария­лап, дәстүрді әдемі насихаттауда.

– Жастардың басым көпшілігі әлеуметтік желіде отырады. Сондықтан, өзіміздің ұлттық мерекені әлеуметтік желіде әдемі жазбалар арқылы қолдауды көздедік. Жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық мерекемізді ұлықтай отырып, патриоттық сезімді ояту. Бойымызда ұлттық код, мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру жоқ. Сондықтан, қазіргі таңда облыс жастары бұл акцияға белсенді қатысуда, – дейді «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының өкілі Арафат Мәжитов.

Акцияға бүгінде #KAZAKHRUHY хэш­тегі арқылы 25 қарағандылық жас қатысып үлгерді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.