Жаңалықтар

Ұлт ұстазының ізі: Қарқаралыдан Петерборға дейін көсіліп жатыр

Ахмет Байтұрсыновтың өмiрiнің біраз жылдары тағдыр жазып ұлан-байтақ Қарқаралы, Қу аймағында өтіп еді. Ахаңның ағартушы, ұлт бостандығы үшiн Алаш ардагері, күрескер азамат болып қалыптасуы Қарқаралы топырағынан басталған десек те артық болмас.

1905 жылдың жазында қазақтың үш жүзінің өкілдері бас қосқан Қоянды жәрмеңкесінде Жақып Ақбаев, Ахмет Байтұрсынов, Ахметқали Аяғанов, Көлбай Тоғысов атақты Қарқаралы петициясын жазып, мыңдаған, жүздеген қазақтарға қол қойдырып, Омбыда бағыт-бағдар беріп отырған Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановқа суыт жөнелткен. Орыс монархиясына қазақтың азаматтық хақыларын заңды түрде, сауатты жазып, талап-арыз түрінде Ресей патшасының өзіне, атқарушы билік – Министрлер Советіне жолданған құжаттар қазақ халқының отаршыл билеп-төстеуге деген наразылығын, бұдан былай қорлыққа, зорлыққа төзе алмайтынын ашық және батыл білдірген еді. Зерттеушілер кейінгі уақыттарда «бұл петициялардың жазылуы, дайындалу әдіс-тәсілі болашақ саяси Алаш партиясына, күреске жоралғы болды» деген пікір айтып жүр. Біз де осы төңіректен табыламыз. Осындай жалпыұлттық мәні бар, аса маңызды оқиғаның басы-қасында болған қайраткердің күрескерлік тағдырындағы Қарқаралы өңірі көмескілеу қалып келді.

Алайда, Ахмет Байтұрсыновтың өмiрбаянын жазушылар оның 1909 жылы шілденің бірінші жұлдызында Қарқаралыда тұтқындалғанын ғана айтып өте бередi. Себебі, жазылып қалған деректердің кемдігінен болса керек.

Бiздiң қолымыздағы мұрағат материалдары осы бiр аласапыран кезде Ахаңның өмірбаянын толықтырып, басынан кешкен оқиғаларды жаңғыртуға себi тиер деп ойлаймыз.

Жалпыға мәлiм, 1905-1907 жылдарда Ресейде монархияға қарсы өршiген күрестiң нәтижесiнде патша 17 қазан Манифесiн шығаруға мәжбүр болды. Бұл құжатта азаматтың бірнеше баптан тұратын бостандықтары жарияланды. Осылайша, билiк тiзгiнi босап, Ресейдің өзінде ғана емес отар елдерге де азаттық таңы қылаң бергендей едi. Қазақ көсемдерi Манифестiң мазмұнынан өздерi көксеген ел тәуелсiздiгiнiң сәулесін көріп, отарлық езгiге қарсы күреске батыл кiрiстi…

Материалдың толық нұсқасын газеттің 23.05.2023 №56 (23 232) санынан оқи аласыздар.

Зарқын ТАЙШЫБАЙ,
профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button