Жаңалықтар

Ұлт қорғаны – Ұлттық ұлан

     Осыдан тура 25 жыл бұрын 10 қаңтарда ҚР Президенті Жарлығымен (кейін Ұлттық ұлан болып қайта құрылған) еліміздің ішкі әскері ірге бекіткен еді. Жуырда облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ қатысуымен Кеншілер мәдениет сарайында ҚР Ұлттық ұланның құрылғанына ширек ғасыр толуына арналған салтанатты жиын өтті.

     Мінберге алғашқы болып көтерілген «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Савердин Имиров қолбасшылық және барлық жеке құрам атынан сарбаздарды, келген қонақтарды мерейлі күнмен құттықтады. Кешегі мен бүгіннің арасын сабақтап, өрлік пен ерліктің өшпес үлгісіне айналған бағзы бабаларымыздың ерен ерлігіне, білектің күші, найзаның ұшымен Отанымызды дұшпаннан аман алып қалған Ұлы Даланың ұландарына тағзым етіп, бас иді. Ұлттық ұланның өткені мен кеткенін түгендеп, жеткен жетістіктер мен бағындырған биіктерге тоқталды.

    Шараға қатысушылар қатарында Ұлттық ұланмен әрекеттесетін облыстың әлеуетті құрылымдар басшылығы, облыс және қала жұртшылығы, ардагерлер, Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің жеке құрамы, оқушылар, әскери қызметшілердің отбасы болды.

Ішкі әскерлер жауынгерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Елді, отанды қорғау – әскерге келген жауынгер-сарбаздардың міндеті. Ішкі әскер – Тәуелсіздіктің тірегі. Ел тыныштығының қорғаны. Жыл сайын еліміздің түпкір-түпкірінен әскер қатарына шақырылған жастар ішкі әскерлер қатарына қосылып жатады. Бұл орайда, Отан қорғаушыларға жүктелген міндет өте зор, – деді аймақ басшысы.

     Сөз соңында облыс әкімі қызметінде ерекше көзге түскен офицерлер мен жауынгерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button