Жаңалықтар

Әлихан Смайылов: «Білім беру бағдарламалары нарық сұранысына сай болуы тиіс»

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Онда адами капиталды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ortalyq.kz  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы бағыт бойынша балабақшаларда 300 мың жаңа орын ашу, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтың – 1000 көшбасшысы кадрлық резервін құру, мектептерде 7 мың пәндік кабинет ашу, 100 қосымша білім беру объектісін салу, колледждердегі мемлекеттік тапсырысты 150 мың орынға дейін ұлғайту, 100 бизнес-инкубатор құру және тағы басқа да шараларды жоспарланғанын мәлімдеді.

Премьер-министр экономика қажеттіліктері үшін маман даярлау Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты азаматтар мен бизнестің белсенді қатысуымен экономиканың нақты қажеттіліктеріне назар аудара отырып, білім беру жүйесін жетілдіру және жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажетекендігін баса айтты.

– Білім беру гранттарын және басқа да дамыту шараларын алдын ала қарастыру үшін еңбек нарығын зерттеуге және 5-7 жылдан кейін экономикаға қандай кадрлар қажет болатынын болжауға көңіл бөлу қажет. Бұл тек жоғары оқу орындарына ғана емес, колледждер мен басқа да білім беру ұйымдарына қатысты. Білім беру бағдарламалары нарық сұранысына сай болуы тиіс, – деді Әлихан Смайылов.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне айтылған барлық ұсынысты жұмыс барысында назарға алуды және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button