Жаңалықтар
Лаура Әліқұл Азия ойындарының финалында
WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Лаура Әліқұл Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының ақтық мәресіне жолдама алды.
Отандасымыз 68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Жартылай финалдық бәсекеде 2 дүркін Азия чемпионы атанған Индонезия атлеті Сейко Джорджия Зефаньяны 5-1 есебімен жеңді.
Одан бұрын да 2 дүркін Азия чемпионы Хуонг Зи Динхты (Въетнам) 7-4 есебімен айласын асырған еді. Енді финалдық бәсекеде жарыс қожайыны, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Цяоцяо Лимен күш сынасады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz