Жаңалықтар

Әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке астаналық ару 90 млн теңге аударып жіберген

Елордада әйел адам әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 90 млн теңгеден астам ақша берген. Танысқаннан кейін ол өзінің сезімін білдіріп, ұнатып қалғанын айтқан және банкротқа ұшыраған зауыт директоры екеніне, жақын туыстарының қайтыс болғанына, соның салдарынан ақшаға қатты зәру екендігіне сендірген.

Сурет: Ашық дереккөзден

 Алаяқтық жасаған адам анықталып, ұсталды. Ол Астана қаласы, Алматы ауданы №2 аудандық сотының 2023 жылғы 11 қаңтардағы үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
 Өз кезегінде алданып қалған әйел адам белгілі бір уақыт аралығында оған онлайн аударымдар арқылы түрлі сомада ақша жіберіп отырған. Осы орайда оған 91,6 млн теңге сомасында материалдық залал келтірген.
 Апелляциялық шағымында сотталған адам тағайындалған жазаны жеңілдетуді, кәмелетке толмаған 5 баласының бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұраған.
 Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Аида ЖАҢАБАЙҚЫЗЫ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button