Бас тақырып

Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында уланған балалардың үшеуі бүгін ауруханадан шығады

Бұған дейін Қарағанды облысының балаларға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында уланған балалардың екеуі жағдайы жақсарып, нейробокстан шыққаны туралы жазған болатынбыз. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жақсы жаңалықпен бөлісті. Бүгін, яғни, 7-тамызда тағы үш бала ауруханадан шығады.

Жалпы, алты бала әлі жансақтау бөлімінде. Оның екеуі – Майқұдықтағы балалар ауруханасында. Қалған төртеуі облыстық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша алты баланың да жағдайы әзірге тұрақты. Ал, нейробокстағы үш баланың жағдайы жағдайы жақсаруына байланысты бүгін ауруханадан шығады.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button