Әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды

«Әлеуметтік нан» бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: turkystan.kz

«Әлеуметтік нан» бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасады. Биыл әкімдіктердің деректері бойынша арзандатылған бидайға жылдық қажеттілік – 308 мың тонна. Азық-түлік корпорациясының сату бағасын ескере отырып тоннасына 135 мың теңге, субсидия мөлшері тоннасына 45 мың теңгені құрайды. Бұл 13,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді талап етеді», – деді министр.

Оның атап өтуінше, тиісті бюджеттік өтінім Қаржы министрлігіне енгізілді.

– Аталған іс-шаралар өңірлердің ұн тартатын кәсіпорындарын бидаймен 90 мың теңге белгіленген бағамен қамтамасыз етуге және тиісінше қолжетімді бағамен нан өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Азық-түлік корпорациясына жергілікті атқарушы органдар жүгінген кезде қаражат бөлінгеннен кейін жоғарыда көрсетілген сомада шығындарды өтей отырып, бидай сатуды бастауға рұқсат беруіңізді сұраймын, – деді Ербол Қарашөкеев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.