Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өсті

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға, жылдық мәнде 10,7%-ға өсті, деп хабарлайды Ortalyq.kz ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіш апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

25 сәуірдегігі ақпарат бойынша елдегі әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы: 

Айран 2,5% – 399 теңге (литрі)
Қант – 442 теңге (келісі)
Рожки – 315 теңге (келісі)

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button