Ресми

Әлеуметті қолдау шаралары – әлеуетті

Сурет:автордан

Былтыр халықтың барлық әлеуметтік қорғалмаған топтарына кешенді қолдау көрсетілді. Облыста халықты жұмыспен қамту мәселелері халықты тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету іс-шараларын қарастыратын 2019 жылға арналған халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Кешенді жоспары аясында шешілді.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында 2019 жылы 63687 адам немесе жылдық көрсеткіштен 114% (жыл жоспары 555645 адам) жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2019 жылы 10,4 млрд. теңге бөлінді.

2019 жылы 54785 адам бағдарлама қатысушысы болды. Оның ішінде, 14392 жұмыссыз, 5316 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат, 700 адам техникалық және кәсіптік оқу ұйымдарына оқуға жіберілген мектеп түлектері бар.

«Еңбек» бағдарламасының «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша:

– 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап облыс колледждеріне еңбек нарығының талаптары ескерілген техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 700 адам жіберілді;

– еңбек нарығында мамандығы мен дағдысына қарай талап етілетін қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 3800 адам жіберілді, оқуды 3115 адам аяқтады

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту аясында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы оқыту әдістемесін әзірледі. Кәсіпкерлік іс дағдыларын облыстың түрлі қалалары мен аудандарынан 5168 тұрғын алды.

Несие алған тұлғалардың жалпы саны 1689 адам 7,4 млрд. теңгеге, оның ішінде, 1102 адам (109%) өз ісін ашуға шағын несие алды. Негізінен жобалар ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған.

2019 жыл Жастар жылы болғандықтан жастарға 1417 грант берілді. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін 277 грант берілді.

Бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын бағдарлама қатысушыларына қайтарымсыз негізде 1919 мемлекеттік грант берілді.

Бағдарламаның «Жұмыс күшінің ұтқырлығына және халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 52014 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде, тұрақты жұмысқа 42 мыңнан астам адам (42812), бюджеттен субсидияланған уақытша жұмыс орындарына 9 мыңнан астам адам (9202), яғни, әлеуметтік жұмыс орындарына 868 адам, жастар тәжірибесіне 1573 адам, қоғамдық жұмыстарға 6761 адам жұмысқа орналастырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қолжетімділікті едәуір жеңілдету мақсатында 2018 жылы жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау жүзеге асырылды. Жаңа ұйымдастыру құрылымы бекітілді. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының бәрінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар.

Электронды еңбек биржасына 3735 бос жұмыс орны орналастырылды. Аталмыш биржа арқылы 13093 адам жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында халық арасында ақпараттық сүйемелдеу жұмысы жүргізілді. «Еңбек» бағдарламасының басымдықтары мен негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде телеарналарда кемінде 1512 рет видеороликтер және радиода 2268 рет аудиороликтер жарияланды. Облыстық БАҚ-тарда 25 жаңалық сюжеті мен мақалалар жарияланды. Қалалар мен аудандарда ақпараттық материалдар (буклеттер, плакаттар) таратылды.

Әрбір қалада және ауданда жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек» бағдарламасының басты бағыттары туралы жергілікті газет, радио және телеарна, әлеуметтік желілер, интернет ресурстарында, дыбыстық жарнама, теледидардағы жүгіртпе жолдар, елді мекендерде жергілікті тұрғындармен кездесулер арқылы тұрғындарды ақпараттандырады.

2019 жылдың басынан бастап «Еңбек» бағдарламасының басты басымдықтары туралы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды ақпараттандыру және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мемлекеттік қолдау құралдарын қолдануды түсіндіру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету, еңбек нарығында талап етілетін кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алу мәселесінде ақпараттық ілестіру, «Бастау-Бизнес», «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және шағын несиелер, өз ісін ашып, дамытуға гранттар алу мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары базарлардың, сауда үйлерінің аумағында 11 Жұмысқа орналастыру бекетін ашты.

Сонымен қатар, облыс қалалары мен аудандарында 13 мобильді жылжымалы жұмысқа орналастыру бекеттері ұйымдастырылды.

Былтырғы жылы осы жұмысқа орналастыру бекеттеріне 4 мыңнан астам адам өтініш білдірді, олардың ішінен бес бөлігі жұмысқа орналастырылды, үштен астам бөлігі қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді, қалған бөлігі өз ісін ашып, дамыту мәселесі бойынша консультация алды.

Еңбек нарығындағы белсенді саясатты іске асырудағы барлық қолданылған шаралар (2018 жылғы 3 тоқсан – 4,5%) жұмыссыздық деңгейінің 4,5%-дан 4,4%-ға дейін (2019 жылғы ІІІ тоқсан) төмендеуіне ықпал етті.

Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру және неғұрлым мұқтаж азаматтарға көрсетілетін көмектің атаулығын күшейту жөніндегі берген тапсырмасына сәйкес 2019 жылы әлеуметтік келісімшарт жасасу және шарттылық қағидасына негізделген атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәртібі енгізілді.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК көрсету критериі күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-ға дейін өсуі төлемнің орташа көлемінің 10 еседей өсуіне әсер етті. 2019 жылы облыс бойынша АӘК алушылар саны 2018 жылмен салыстырғанда 5,5 есе өсті, (2018 ж. – 11 мың адам, 31.12.2019 ж. – 60 мың адам) бюджет қаражатының шығыстары 14 есе өсті (2018 ж. – 458 млн. теңге, 2019 ж. – 6,64 млрд. теңге).

2020 жылдың 1 қаңтарына әлеуметтік төлемдерге 6,69 млрд. теңге бюджет қаражаты жұмсалды, оның ішінде, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 61 780 адамға жалпы сомасы 6,62 млрд. теңгеге және тұрғын үй көмегі 4132 отбасына жалпы сомасы 78,3 млн. теңгеге төленді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

Облыс бойынша жәрдемақының осы түрін 13 307 көпбалалы отбасы алады. Оның ішінде алғаш рет өтініш білдірген жәрдемақы алушылар (2018-2019 жылдары) – 4 371 адам.

Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі ерекше қажеттілігі бар адамдардың мәселесін шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсарту болып табылады.

Облыста ерекше қажеттілігі бар 67 мыңнан астам (67 761) тұлға тұрады. Бұл облыс тұрғындарының жалпы санынан 4,8%-ды құрайды (1 380 038 адам).

Мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 913,2 млн. теңге қаражат бөлінді. 2019 жылы 10 мыңнан астам (10763) адам ағзасының жоғалған функцияларының орнын толтыру үшін шипажай-курорттық еммен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.

2019 жылы веб-камерасы бар 216 ноутбук, естуі нашар тұлғалар үшін 303 ұялы телефон, 50 оқитын машина, сөйлеу тілі бар 150 ноутбук және көзі нашар көретін тұлғалар үшін 350 ұялы телефон және тағы басқалары берілді.

Сондай-ақ, бюджеттік қаражат есебінен 2020 жылы сөйлеуі және естуі қиын тұлғаларға қызмет көрсету бойынша «Surdo-online» қызметін енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл қызметке денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау нысандарын қосу жоспарлануда.

Облыста арнаулы әлеуметтік қыз меттерді 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, 1 күндізгі бөлімше, 1 оңалту орталығы, 69 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 3 әлеуметтік бейімдеу орталығы көрсетеді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен 10636 адам қамтылды.

Оның ішінде, 1290 мүгедек бала, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар 2394 тұлға, 5841 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер бар. Нақты тұрғылықты орны жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарымен 409 адам қамтылды және орталықтардың жанында әлеуметтік патрульдің мобильді қызметтері жұмыс істейді.

2017 жылы іске қосылған Қарқаралы қаласындағы 64 төсек-орынға есептелген мүгедектерге арналған оңалту орталығы 2019 жылы арнаулы әлеуметтік қызметпен 702 адамды қамтыды.

Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында басқарма «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «оралман мәртебесін тағайындау немесе ұзарту» 2 мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

Басқарма 2019 жылы 989 мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардың ішінде, 591 – шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша, 398 – оралман мәртебесін тағайындау бойынша.

Басқарма өткен жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2020 жылға міндеттер қойды. Осы міндеттердің аясында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын іске асыру аясында жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

Әсем ЖҮНІСПЕКОВА,

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button