ЖаңалықтарРесми

Әлемде электромобильдер сатылымы күшейіп келеді

Әлемде электромобильдер сатылымы күшейіп келеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Сурет: plus-one.ru сайтынан

Әлем электромобильдерге көшіп жатыр. Бұл үрдіс мұнай ғасырының аяқталуын жеделдетеді деген болжам бар. 

Халықаралық энергия агенттігінің есебінше, «қара алтынды» тұтыну шарықтау шегіне 2030 жылы жетіп, әрі қарай төмендей бастайды. Себебі экологиялық таза энергия мен көлікке сұраныс үздіксіз артып келеді.

Агенттіктің болжамынша, осы онжылдықтың соңында дүниежүзінде сатылған көліктердің 50%-ға жуығы электромобильдер болмақ. Олар қазір Қытай нарығының төрттен біріне ие болып отыр. Бұл мемлекет мұндай нәтижеге улы түтін таратпайтын автомобиль өнеркәсібіне мол субсидия бөлу арқылы қол жеткізген. 

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button