Басты тақырып

Әлем таныған Астана!

Астана-1 ЭКСПО-2017 

 

«Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз»

Абдулла ГҮЛ,

Түрік Республикасының бұрынғы Президенті.

 000000

«Құрметті Нұрсұлтан На­зарбаев және Қазақстан халқы! Президент мырза, «ЭКСПО – 2017» көрмесі арқылы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық диалогты одан әрі ілгерілетудегі Сіздің көзқарасыңыз бен көшбасшылығыңыз үшін Сізге және Қазақстанға ілтипатымды білдіремін. Өз­ара сыйластық пен ортақ мүд­деге негізделген АҚШ-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түседі деп сенемін».

 Дональд ТРАМП,

АҚШ Президенті.

«Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылыс­тағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан ете алады. Республиканың халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді, қоғамдағы ұлтаралық қатынастар да жетілдіріле түсуде. Ресей мен Қазақстан халықаралық аренадағы, Еуразия кеңістігіндегі аймақтық интеграциялық құрылымдардағы күштерін үйлестіруі өзінің тиімділігін көрсетті».

Владимир ПУТИН,

Ресей Президенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button