Әлем кубогіне сексен жастағы ауыр атлет қатысты
Қарағандыда пауэрлифтингтен «Алтын Батыр» әлем кубогі мәреге жетті. Жарысқа паралимпиадалық қозғалысқа қатысушыларды қоса алғанда, таяу шет елдерден келген 900-ден астам спортшы қатысты.
– Бұл Кубок үшінші рет өткізіліп отыр. Жарыс үшсайыс, штангалық пресс, кір көтеру, көпсайыс бойынша өтті. Сонымен қатар, штангаларды көтеру бойынша күш сынасты, – дейді Қазақстанның пауэрлифтерлер Ұлттық қауымдастығының президенті Никита Полищук.
Сексен жастағы ауыр атлет Айтжан Исаков Теміртаудан келген. Пауэрлифтингтен Азия және Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Жарыс жеңімпаздарына эксклюзивті медальдар, дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қатысушыларға пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алуға мүмкіндік берілді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz