Әлем чемпионатына бір күн қалды

Көптен күткен әлем чемпионатының басталуына бір күн ғана қалды. Ал, Катар өз тарихындағы ең маңызды спорт турнирін өткізбек. Кездесулер үшін арнайы сегіз арена дайындалған. Ақтық кезең ел астанасы – Дохада өтеді деп жоспарлануда. Футболдан әлем чемпионаты алғаш рет қыс мезгілінде өтпек. Сондықтан, әр стадионға кондиционер орнатылған. Катар әлем чемпионатын өткізуге өтініш бергенде елде тек бір ғана стадион болған екен. Әлем кубогі үшін жаңадан жеті стадион, 100-ден аса қонақ үй мен жол салған. Ал, осының бәрі үшін 200 млрд. доллар жұмсаған екен. Тарихқа көз жүгіртсек, әлем чемпионаты өткен елдердің ішіндегі ең көп қаржы жұмсаған – Катар мемлекеті екен.

Әлем чемпионатына іріктеуден өткен 32 елдің құрамасы қатысып, төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген. Әр топтан І-ІІ орын иеленген команда 1/8 финалға шығады. Турнир одан әрі олимпиадалық жүйемен (ширек финал, жартылай финал, финал) жалғасады. Жартылай финалда жеңген командалар финалда ойнаса, жеңілген командалар қола жүлдеге таласады.

Топтық кезең 20 қараша-2 желтоқсанда, 1/8 финал 3-6 желтоқсанда, ширек финал 9-10 желтоқсанда, жартылай финал 13-14 желтоқсанда, ІІІ орын үшін кездесу – 17 желтоқсанда өтпек. Ал, чемпиондық атақ үшін талас – 18 желтоқсанда болады.

Reuters агенттігі нарық эксперттері мен экономистер арасында сауалнама жүргізген еді. Сол уақытта сарапшылардың 46%-ы Бразилияны фаворит санаған. Одан кейінгі орында 15%-бен – Аргентина, 14%-бен – Франция тұр. Ал, британиялық The Telegraph басылымы букмекерлік кеңселердің болжамдарына сүйенсек, 21% көрсеткішпен Бразилияны басты фаворит деп санайды. Сонымен қатар, Аргентина, Франция, Англия, Испания, Германия, Нидерланд, Португалия, Бельгия құрамалары да фавориттер қатарында бар.

Сондай-ақ, FIFA мәліметіне сүйенсек, әлем кубогін иеленген құрама 42 млн. долларға ие болады делінген. Күміс жүлде үшін – 30 млн. доллар, ІІІ орын үшін – 27 млн. доллар алмақ. Тіпті, жүлдегерлерді де құр қол қайтармайтын көрінеді.

Ербол ЕРБОЛАТ

Ortalyq.kz