Жаңалықтар

Өлең өлкесіне сапар

Өткен аптада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде №102 мектепгимназиясында «Қайдасың, қасиетті қара өлеңім…» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кештің мақсаты – қазіргі жастар поэзиясының көшбасшысы Қалқаман Сарин мен жергілікті ақындардың шығармашылығымен таныстыру, ақындық өнерді насихаттау. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың отансүйгіштік, елжандылық сезімдерін ояту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Жергілікті поэзия шеберлері – Бағдат Мүбәрак, Қайрат Асқаров, Жәлел Қуандық әдеби кештің басты қонақтары болды.

Мектеп оқушыларының мерекелік бағдарламасын тамашалады. Күй тартылды. Ән орындалды. Оқушылардың өлеңдеріне құлақ асып, өнерлеріне тәнті болдық. «Ашық микрофон» айдарына кезек берілді. Оқушылар ақындарға арнайы сұрақ қойып, толымды жауап алды.

Кеш барысында қонақкәде сұралды. Ақындардың махаббат, туған жер тақырыбындағы өлеңдері оқушылар қошеметіне ие болды.

Оқушылар естелік суретке түсіп, қолтаңба алды.

«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» деген үрдіске жауапкершілік танытқан мектеп ұстаздарына ақындар алғыс білдіріп, алдағы уақытта да түрлі шараларға атсалысып, бірлесе жұмыс жасайтындарын уәде етті.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button