Рухани жаңғыру

Латын әліпбиі – келешек кілті

      Жуырда Қарағанды қаласының №93 гимназияда «Латын қарпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен рухани жаңғырудағы ішкі қажеттілік» тақырыбында семинар-коучинг ұйымдастырылды.

Оны ұйымдастырған осы оқу орнының педагогикалық тіл мамандары. Мақсаты – Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында көрініс тапқан латын әліпбиіне біртіндеп көшу мәселесін талқылау, осы үрдісті уақытында іске асырудың маңыз­дылығын түсіндіру. Аталған іс-шара барысында гимназияның педагогикалық ұжымына қазақ тілін латын қарпіне көшіру ерекшеліктерін таныстырып қана қоймай, латын әліпбиін қолданудың практикалық дағдыларын қолдану міндеті қойылды.

Семинарды гимназия директоры Аягүл Ахметова ашып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды әзірлеу мен оқулықтарды дайындау үшін мемлекет тарапынан басталған шаралар туралы айтты. Семинар қонағы – Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қазақ тілі кафедрасының доценті Бектұрсын Қалиев сөз сөйлеп, латын әліпбиіне көшу тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретінін баса айтты. Ал, семинар-коучингтің практикалық бөлімінде гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Раушан Мойлбекова мен Құралай Көбекова өз ойларын ортаға салды. Шара барысында практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында көркем шығармалардан үзінділер оқылып, диктант жазылды.

Бір сөзбен айтқанда, семи­нарға қатысушылар аталған мә­селенің түйінді шешімін табуға тырысып, латын әліпбиінің жаңа жобасын қолдады. Кезінде ұлы ғалым, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген екен. Ендеше, өркениет көшіне ілесу үшін латын қарпіне көшу қажет деген ортақ пікірге семинарға қатысушылар бір ауыздан келісті.

Қ.КӨБЕКОВА,

№93 гимназия

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button