Латын қарпі – өркендеу жолы
Президентіміз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ; «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы латын қарпіне көшіру турасындағы қадамды құптап, Сұрыптау бекетіндегі №12 орта мектеп ұжымы алқалы жиын өткізді.
Арнайы өткізілген шарада сөз сөйлеушілер Елбасының ұсынып отырған сара жолы уақыт талабына сай, өркендеуге сеп екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, 1929-1940 жылдары латын әрпінің қолданыста болғандығын сол заманда қаншама тарих, мәнді әдеби шығармалар дүниеге келгендігін саралап атап өтті. Дамыған отыз елмен иық тірестіру үшін жаңғырып, жаңа бағытта дамуымыз қажет деген пікірлерін білдірді. Айта кетейік, бүгінгі күні әлем халықтарының 80 пайызы осы қаріпті таңдап, өркендеу жолына түсіп отыр.
Қаламқас ҚУАНБАЕВА,
Құралай ӘБДІҒАЛИЕВА,
№12 орта мектеп
директорының орынбасарлары.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.