АймақТеміртау

Ұландықтар жас жігітті есірткімен ұстады

Теміртау қаласында Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдеу қызметі кезінде ер адамды есірткімен ұстады.

Сурет: ҰҰ өңірлік қолбасшылығы

20 қарашада сағат 21:15 шамасында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде Ұлттық ұланның әскери жасағы 2003 жылы туған азаматты құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру барысында ұсталған адамның бұрын тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған деген күдікке ілінгені анықталды. Осыдан соң әскери қызметшілер Теміртау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобын азаматты тоқтатқан жерге шақырды. Жасақ құрамында жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Береке Иманғали және патрульдеушілер қатардағы Қыдырәлі Керімбек, Берік Ақберді және Арман Орынбек болған.

 – Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, сырттай тексеру кезінде күртешенің қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді, – деді әскери жасақ бастығы қатардағы Береке Иманғали.

Содан кейін құқықбұзушы Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне одан әрі тексеру үшін жеткізілді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button